Жиленбетова Урметгул Рахметовна, «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ Ақсу бөлімінің басшысы.
![]() |
1965 жылдың 6 қарашасында туған. Ташкент қаласындағы республикалық орыс тілі және әдебиеті институтын ұлттық мектептерде орыс тілі және әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылдың қыркүйегінен 1988 жылдың қыркүйегіне дейін - Өзбек ССР-і Бухара облысы Канимех ауданындағы № 6 Карл Маркс атындағы орта мектепте оқытушы; 1989 жылдың қаңтарынан 1994 жылдың қаңтарына дейін – Өзбек ССР-і (Өзбекстан Республикасы) Бухара облысы Канимех ауданындағы Пионерлер үйінде үйірме жетекшісі, әдіскер; 1994 жылдың наурызынан 2004 жылдың шілдесіне дейін – Өзбекстан Республикасы Бухара облысы Гиждуван ауданы Зафарабад кенті Навои тау-металлургия комбинатының № 2 балалар бақшасының тәрбиешісі; 2005 жылдың қазанынан 2020 жылдың 14 қыркүйегіне дейін – «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ Ақсу бөлімінің жоғары санаттағы архивисі; 2020 жылдың 14 қыркүйегінен - «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ Ақсу бөлімінің басшысы. |
Байланыс ақпараты мен мекенжайы: Успен ауданы, Успен ауылы, Баюк көшесі, 42, тел: 8 (718-34) 9-14-98