Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін

Құрметті Павлодар облысы және қала тұрғындары!
 
Павлодар облысының мемлекеттік архивта «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін "электрондық үкімет" www.egov.kz порталы арқылы электрондық форматта алуға болады.
 
Қызметті онлайн алу үшін порталда авторизацияны өту қажет. Одан әрі: «Азаматтарға» - «Азаматтық, миграция және иммиграция» - «Шетелге шығу» - «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру»- «Онлайн сұрау».

«Электрондық үкімет» порталы халықтың мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуы мақсатында құрылды, бұл өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 11 жұмыс күн, ол аяқталғаннан кейін порталда өтініш берушіге электрондық нысанда архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді жіберіледі.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...