Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазмедиа орталығында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет, архив және баспа ісі мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.

Кездесуге ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Министрліктің қоғамдық кеңес мүшелері, Мәдениет және архив саласының облыстық басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Абаев Д.Ә. сала дамуының өзекті мәселелері мен 2022 жылға қойылған басты міндеттер туралы айтты. Алқа отырысы барысында мінберден сөз сөйлегендердің қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректоры Жүдебаев А.Ә., «Шәкен Айманов» атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Сатаев А.Қ., «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығының директоры Бөрібаева С.Б., ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры Қойтанов Ә.Қ., т.б. болды.

Осы жиынға Павлодар облысынан облыстық архивтің басшысы Ибраев Балғабай Жұмағұлұлы қатысты. Сондай-ақ, өңірімізден іс-шараға қатысқан делегаттар қатарында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Бегалинова С.Б. және басқарма басшысының орынбасыры Тауасқан М.А. болды.

Іс-шара барысында Мәдениет және спорт министрлігінің архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің басшысы Бораштың Қ.Қ. төрағалығымен архив саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Мұнда архив ісінің қазіргі жағдайы, біртұтас электронды құжаттардың архиві жүйесінің функциясы мен айналымы мәселелері және т.б. архив саласынның көкейтесті сұрақтары қарастырылды.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...