«Помните о тех, кто не придёт уж никогда!» мақаласы

2022 жылғы 5 ақпанда облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Н.А. Кубиктің «Помните о тех, кто не придёт уж никогда!» атты мақаласы жарық көрді. Мақала 1942 жылы майданда қаза тапқан Ұлы Отан соғысына қатысқан Берестовский Вукол Григорьевичке арналған.

Павлодар облысының мемлекеттік архиві Берестовскийлер отбасымен ұзақ және жемісті достық қарым-қатынас байланыстырады. Бірінші болып архивке Вукол Григорьевичтің ағасы – Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Ленин сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері әлемге әйгілі ғалым Георгий Григорьевич Берестовскийдің жеке құжаттары түсті. Кейін оның ұлы Владимир Георгиевич Вукол Григорьевич Берестовскийдің бірегей альбомда жинақталған майданға аттанар алдында туған-туыстары мен жақындарына жіберілген хаттарын, құжаттары мен жеделхаттарын архивке сақтауға әкелді.

Фотосуреттер, құжаттар және газет қиындылары бар бұл альбомда Вукол Берестовскийдің бүкіл өмірі бейнеленген.

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...